Қаситетті Құран Кәрімнің "Нұр" сүресінің 31-аятында "Ей,Мұхаммет мүмін әйелдерге айт ұятты жерлерін,зейнеттерін жасырып көрсетпесін"-делінген. Кұран талқыланбайтын АллаҺтың сөзі. Бірақ қазіргі заманның "ақылгөйлері" жаратылы тұра Жаратушыға ақыл айтуға көшкен. Хиджаб мәселесі қоғамда қызу талқыға салынып жатқан жайы бар. Бұл мәселеде екі топқа бөлініп бірі-хиджаб кию дұрыс десе,екіншілері-ол қазақилыққа жат деп пікір айтуда. Ия адасушылардың барын жоққа шығара алмаймыз десекте бес парызын орындап,Раббысына бойұсынғандарды сол адасушылар қатарына жатқызуға болмас. Осы мәселе тұрғысынан М.Өтемісов атындағы ҚМБУ-дің профессоры,тарих ғылымдарының докторы Ағлия Нұрғалиева: "Классикалық Исламда хиджаб кию міндеттелмеген"-десе,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Араб киімі хиджаб-біздің киіміміз"-емес деп төбеден жай түсірді. Миллиондаған кітап ақтарып білім дәрежелерін жоғарлатқанымен ойларының таяз екенің бір ауыз сөздеріменде білдіріп қойды. Сонда хиджаб жайлы "көпіріп" отырып Құран ашып оқымағаны ма? Бұл нағыз адасушылық,АллаҺтың парыздарына қарсы шығушылық емеспе?! Ағайындар-ау хиджаб ия араптың сөзі,бірақ киімі емес,хиджаб қазақша "орамал" деген мағына береді. Жақсы хиджаб арабтың киімі делік солай-ақ болсын,бірақ қазір киіп жүрген бұрттарына тырыстырып,матасы не астына не үстіне жетпейтін киім қазақтікіме? Ол батыстікі! Онда заңдағы "Зайырлы мемлекет" дегенді өзгертіп "Бір ұлтты мемлекет" болып арабтың да,батыстың да киімін емес өзіміздің ұлттық нақыштағы киімімізді киейік. Егер соған үкіметтің қауқары жетсе. Халықты адасушылардан сақтаймыз деп өздеріңіз адасып кетіп жүрмеңіздер. Дін жайлы сөз қозғамас бұрын діннен хабардар болсаңыздар екен Алаш жұрты.