ҚАБІР АЗАБЫНАН ҚҰТЫЛУ Күнәкәр құлдарға қабір азабының болатындығы иттифақпен (талассыз) хақ. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) : «Қабір жаннәт бақшасынан бір бақша немесе жаһаннам шұңқырынан бір шұңқыр болады» деген. Басқа бір хадисінде «Қабір, ахират орындарының алғашқысы. Кім одан құтылса кейінгілері оңай болмақ. Егер құтылалмаса одан кейінгі жерлер тіптен қиындай түспек» Деген. Фақиһ Әбу-л ләйс мархум былай деген: «Кім қабір азабынан құтылғысы келсе төрт нәрседе табанды болып, төрт нәрседен қашық (ұзақ) болғаны жөн. Әр уақыт жалғастыруы қажет болған төрт нәрсе: 1. Намаздарын (уақытында, рукундерін әділ жасаумен) қорғау керек». 2. Садақа беру 3. Құран кәрім оқу. 4. Аллаһ тағаланы көп зікір ету,өйткені Тартылған тасбихтар қабірді кеңейтіп, жарық нұрға бөлейді. Ал қашуы қажет болған төрт нәрсе: 1. Жалған, өтіріктен . 2. Қиянат жасаудан. 3. Қарақшылықтан. 4. Денесін және киген киімін кіші дәрет тамшыларынан сақтау. Хадис шәрифте «Кіші дәрет шашырандысынан сақтаныңдар, өйткені қабір азабының көбі осыдан (шашыранды) болады».

Теги других блогов: Қабір азабы құтқару